Қазақстанда кеуде қуысын кеспей клапанды ауыстыру, сымсыз кардиостимулятор имплантациясы, онкологиялық ауруларды емдеу және жарықтарды алу бойынша түрлі күрделі операциялар сәтті жүргізілуде.
Біз өткен жылдың желтоқсан айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды тізіп шықтық.
Дәрігерлер Павлодар тұрғынын аяққа тұрғызды Анна Кириченко 6 жыл бойы гонартроз дертімен күресіп, таяқсыз бір қадам да жасай алмады. Тізе буындарын эндопротездеу бойынша сәтті жасалған ота мен оңалтудың арқасында пациент қазір спорттық жаттығуларды еш қиналмай орындауда.
Тізе буындарын эндопротездеу отасының құны шамамен 1,5 миллион теңге тұрады. Қазір ол МӘМС аясында тегін көрсетіледі.
Алматыда алғаш рет сымсыз кардиостимулятор орнатылды
№7 қалалық клиникалық ауруханасында AVEIR™ VR сымсыз кардиостимуляторын имплантациялау бойынша үш ота жасалды. Барлығы елордалық профессор Аян Әбдрахмановтың қатысуымен өткен шеберлік сабағы аясында өтті. Сол оталардың бірі жүрек ауруларының ауыр түріне шалдыққан 70 жастағы пациентке жасалды. Бұл әдіс отадан кейінгі асқынуларды барынша азайтып, науқастың тезірек сауығуына мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, бұрын бұл операция тек Астанада жасалып келді.
Алматы облысының дәрігерлері әйел жатырынан 6 келі миоманы алып тастады Жоғары дене қызуымен ауруханаға түскен 48 жастағы әйел ауруханаға бөксесі ісінгенін әрі дақтардың пайда болғанын айтты. Дәрігерлер бүкіл іш қуысына жайылып, ішкі ағзаларды ығыстырған илеофеморальды венозды тромбоз бен жатыр миомасын анықтады.
Пациент жылдар бойы гинекологқа қаралмай, ішінің ұлғайғанына да мән бермеген. Дәрігерге өзін жайсыз сезінгенде бірақ жүгінген.
«Операция кезінде салмағы 6 кг жатыр миомасын алып тастадық. Ішкі ағзаларды қысымнан босатып, ілеспелі ісіктерді жойдық», – деді дәрігерлер.
Шымкентте дәрігерлер әжеге ота жасап, инсульттің алдын алды №2 қалалық ауруханасының дәрігерлері 70 жастағы пациенттің өмірін құтқарды. Оның тамырында тромб болып, миға қан құйылуына әкеліп соғуы мүмкін еді. Дәрігерлер жоғары технологиялық ангиографиялық әдіспен күрделі ота жасап, тромбты сәтті алып тастады. Қазір пациенттің жағдайы тұрақты.
Кардиохирургтер кеуде қуысын кеспей, аортальды клапанды ауыстырды 74 жастағы пациент аортальды клапан стенозы, артериялық гипертензия және қант диабетімен ауырған. Дәрігерлер кеуде қуысын тілмей, аортальды клапанды эндоваскулярлы әдіспен ауыстырды. Барлық манипуляциялар катетер арқылы қан тамырына енгізіліп жасалады. Бұл жарақаттардың алдын алып, қалпына келу процесін жылдамдатады.
«Сегіз жыл бойы дұрыс тамақтана алмады»: дәрігерлер жас екібастұздыққа көмектесті
Павлодарда 34 жастағы Асхаб Шибаевтың өңешіне бірегей ота жасалды. Дәрігерлер алғаш рет пероральды-эндоскопиялық миотомия әдісін қолданды. Бұл ауру тамақ ішуге кедергі жасап, науқастың салмағын 80-нен 50 кг-ға дейін түсірген. Дәрігерлер ауыз қуысы арқылы өңештің бұлшық еттерін кесіп, спазмды жойды. Бұл ер адамның толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік берді.
Қарағандыда алғаш рет мұрын далдасының перфорациясын жабу операциясы жасалды Қарағандыдағы №1 көпсалалы ауруханада алғаш рет мұрын далдасының перфорациясын жабу операциясы өткізілді. Күрделі ота профессор Задаш Шаиховтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шеберлік сағатында жасалды. Мұрын перфорациясы – бұл мұрын қуысындағы шеміршек қабатының тесілуі. Мұндай жағдай жарақаттар мен түрлі аурулардың себебінен туындайды. Пациент Шымкент қаласынан келген. Емдеу сәтті өтті. Операцияны елордалық хирург Ерлан Тулебаев жергілікті мамандармен бірге жасады. Силиконды сплинттерді қолдану науқастың мұрын қуысының қалпына келуін жеделдетіп, асқынулардың пайда болу қаупін азайтты.
Павлодарда хирургтер әйелдің бауырын сақтап қалды Павлодар облысының тұрғыны бауырындағы қатты ауырсынумен ауруханаға жүгінді. Науқаста эхинококкоз — еліміздің солтүстік өңірінде сирек кездесетін паразитарлық ауру анықталды. Ірі кисталардың болуына байланысты бауырдың жартысын кесіп алу мәселесі қарастырылды. Күрделі отаны өткізу үшін Алматыдан хирург Мақсат Досханов шақырылды. Білікті дәрігердің арқасында бауырға зақым тимей, ота сәтті өтті.
Қонаев тұрғынының өт қабынан 111 тас алынды
35 жастағы ер адамды бауырының айналасы жиі шаншып, ауырсынулар мазалаған. Дәрігерлер оның өт қабынан ірі және ұсақ 111 тас анықтады. Мамандардың айтуынша, науқастың өті гранат жемісіне ұқсап қалған.
Науқасқа өт қабын лапароскопиялық холецистэктомия әдісімен алып тастау операциясы жасалды. Бұл әдіс адамның жылдам қалпына келуіне мүмкіндік береді.
Шымкенттік мамандар кіндік жарығына күрделі ота жасады №2 қалалық ауруханада 40 жастағы Сәулет Байдалиеваға кіндік жарығына сәтті ота жасалды.
«Дәрігеріме жолықтым, порталмен құжат жинап келесіз деді. Содан анализ тапсырып, құжат жинап, операцияға келдім. Қазір жағдайым жақсы», - дейді қала тұрғыны.
Дәрігерлер уақытылы медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығын атап өтті. Іштің жарығы уақытында емделмесе, күрделі асқынуларға алып келуі мүмкін.
Дәрігерлер Павлодар тұрғынын аяққа тұрғызды Анна Кириченко 6 жыл бойы гонартроз дертімен күресіп, таяқсыз бір қадам да жасай алмады. Тізе буындарын эндопротездеу бойынша сәтті жасалған ота мен оңалтудың арқасында пациент қазір спорттық жаттығуларды еш қиналмай орындауда.
Тізе буындарын эндопротездеу отасының құны шамамен 1,5 миллион теңге тұрады. Қазір ол МӘМС аясында тегін көрсетіледі.
Алматыда алғаш рет сымсыз кардиостимулятор орнатылды
№7 қалалық клиникалық ауруханасында AVEIR™ VR сымсыз кардиостимуляторын имплантациялау бойынша үш ота жасалды. Барлығы елордалық профессор Аян Әбдрахмановтың қатысуымен өткен шеберлік сабағы аясында өтті. Сол оталардың бірі жүрек ауруларының ауыр түріне шалдыққан 70 жастағы пациентке жасалды. Бұл әдіс отадан кейінгі асқынуларды барынша азайтып, науқастың тезірек сауығуына мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, бұрын бұл операция тек Астанада жасалып келді.Алматы облысының дәрігерлері әйел жатырынан 6 келі миоманы алып тастады Жоғары дене қызуымен ауруханаға түскен 48 жастағы әйел ауруханаға бөксесі ісінгенін әрі дақтардың пайда болғанын айтты. Дәрігерлер бүкіл іш қуысына жайылып, ішкі ағзаларды ығыстырған илеофеморальды венозды тромбоз бен жатыр миомасын анықтады.
Пациент жылдар бойы гинекологқа қаралмай, ішінің ұлғайғанына да мән бермеген. Дәрігерге өзін жайсыз сезінгенде бірақ жүгінген.
«Операция кезінде салмағы 6 кг жатыр миомасын алып тастадық. Ішкі ағзаларды қысымнан босатып, ілеспелі ісіктерді жойдық», – деді дәрігерлер.
Шымкентте дәрігерлер әжеге ота жасап, инсульттің алдын алды №2 қалалық ауруханасының дәрігерлері 70 жастағы пациенттің өмірін құтқарды. Оның тамырында тромб болып, миға қан құйылуына әкеліп соғуы мүмкін еді. Дәрігерлер жоғары технологиялық ангиографиялық әдіспен күрделі ота жасап, тромбты сәтті алып тастады. Қазір пациенттің жағдайы тұрақты.
Кардиохирургтер кеуде қуысын кеспей, аортальды клапанды ауыстырды 74 жастағы пациент аортальды клапан стенозы, артериялық гипертензия және қант диабетімен ауырған. Дәрігерлер кеуде қуысын тілмей, аортальды клапанды эндоваскулярлы әдіспен ауыстырды. Барлық манипуляциялар катетер арқылы қан тамырына енгізіліп жасалады. Бұл жарақаттардың алдын алып, қалпына келу процесін жылдамдатады.
«Сегіз жыл бойы дұрыс тамақтана алмады»: дәрігерлер жас екібастұздыққа көмектесті
Павлодарда 34 жастағы Асхаб Шибаевтың өңешіне бірегей ота жасалды. Дәрігерлер алғаш рет пероральды-эндоскопиялық миотомия әдісін қолданды. Бұл ауру тамақ ішуге кедергі жасап, науқастың салмағын 80-нен 50 кг-ға дейін түсірген. Дәрігерлер ауыз қуысы арқылы өңештің бұлшық еттерін кесіп, спазмды жойды. Бұл ер адамның толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік берді.Қарағандыда алғаш рет мұрын далдасының перфорациясын жабу операциясы жасалды Қарағандыдағы №1 көпсалалы ауруханада алғаш рет мұрын далдасының перфорациясын жабу операциясы өткізілді. Күрделі ота профессор Задаш Шаиховтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шеберлік сағатында жасалды. Мұрын перфорациясы – бұл мұрын қуысындағы шеміршек қабатының тесілуі. Мұндай жағдай жарақаттар мен түрлі аурулардың себебінен туындайды. Пациент Шымкент қаласынан келген. Емдеу сәтті өтті. Операцияны елордалық хирург Ерлан Тулебаев жергілікті мамандармен бірге жасады. Силиконды сплинттерді қолдану науқастың мұрын қуысының қалпына келуін жеделдетіп, асқынулардың пайда болу қаупін азайтты.
Павлодарда хирургтер әйелдің бауырын сақтап қалды Павлодар облысының тұрғыны бауырындағы қатты ауырсынумен ауруханаға жүгінді. Науқаста эхинококкоз — еліміздің солтүстік өңірінде сирек кездесетін паразитарлық ауру анықталды. Ірі кисталардың болуына байланысты бауырдың жартысын кесіп алу мәселесі қарастырылды. Күрделі отаны өткізу үшін Алматыдан хирург Мақсат Досханов шақырылды. Білікті дәрігердің арқасында бауырға зақым тимей, ота сәтті өтті.
Қонаев тұрғынының өт қабынан 111 тас алынды
35 жастағы ер адамды бауырының айналасы жиі шаншып, ауырсынулар мазалаған. Дәрігерлер оның өт қабынан ірі және ұсақ 111 тас анықтады. Мамандардың айтуынша, науқастың өті гранат жемісіне ұқсап қалған.Науқасқа өт қабын лапароскопиялық холецистэктомия әдісімен алып тастау операциясы жасалды. Бұл әдіс адамның жылдам қалпына келуіне мүмкіндік береді.
Шымкенттік мамандар кіндік жарығына күрделі ота жасады №2 қалалық ауруханада 40 жастағы Сәулет Байдалиеваға кіндік жарығына сәтті ота жасалды.
«Дәрігеріме жолықтым, порталмен құжат жинап келесіз деді. Содан анализ тапсырып, құжат жинап, операцияға келдім. Қазір жағдайым жақсы», - дейді қала тұрғыны.
Дәрігерлер уақытылы медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығын атап өтті. Іштің жарығы уақытында емделмесе, күрделі асқынуларға алып келуі мүмкін.
13.01.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026



